Спорт

UFC қазақ файтерінің келесі жекпе-жегі қашан болатынын жариялады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Әлемнің үздік промоушны UFC қазақ файтері Дамир Ысмағұловтың келесі айқасының датасын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

UFC Russia өзінің Instagram парақшасында Ысмағұловтың армян спортшысы Арман Царукянға қарсы өтетін келесі жекпе-жегі қашан болатынын хабарлады.

18 желтоқсан күні UFC Vegas 66 турнирінде файтерлер арасындағы айқас өтпек.

Лигада қатарынан бес мәрте жеңіске жеткен Дамир Ысмағұлов промоушеннің жеңіл салмақ санатындағы рейтингісінде 12-орында тұрса, Царукян 9-орында тұр.