Технология

Meta Facebook қолданушыларының құпия деректерін таратқаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ирландияның Деректерді қорғау комиссиясы Meta-ға мәліметтерді сыртқа таратқаны үшін 265 миллион еуро көлемінде айыппұл салды. Бірнеше миллион доллар айыппұл туралы реттеушінің сайтында жарияланған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Айыппұл Meta Platforms Ireland Limited компаниясына комиссия 2021 жылдың сәуірінде бастаған тергеу нәтижесінде салынды. Бұл корпорацияға тиесілі Facebook әлеуметтік желісіндегі пайдаланушылардың жеке деректерінің массивінің ашық жария болуына қатысты.

Сонымен қатар Meta-ға жағдайды түзету үшін шаралар қабылдау тапсырылды. Тергеу барысында комиссия ЕО-дағы деректерді қорғау бойынша барлық басқа қадағалау органдарымен ынтымақтасқан және олар реттеушінің шешімімен келіскені белгілі.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, шешімдегі жеңілдететін факторлар компания қабылдаған шаралар болды. Мәліметтерді қорғау жөніндегі комиссия Meta-ға салған айыппұлдың жалпы сомасы шамамен бір миллиард еуроға жеткен.

Бұған дейін Түркияда Meta компаниясына 18 миллион доллар айыппұл салынғаны хабарланған болатын. Оған бәсекелестік туралы заңның бұзылуы себеп болған.