Экономика

Соңғы екі жылда азық-түлік өнімдері қаншалықты қымбаттады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мемлекеттер арасындағы қарулы қақтығыстар, пандемия шектеулері мен тілсіз жау әлем экономикасына үлкен соққы болып тұр. Салдарынан туындаған инфляция қарапайым бұқараның қалтасын қағып келеді. Жер шарын жаулаған пандемия зардабын еліміз де тартып, өткен жылы жалпы ішкі өнім 2,6 пайызға құлдырады. Ал 2022 жылдың есебі қандай?

2020 жылы адам денсаулығын әсер еткен корона індетінің кесірінен көптеген өндірістер қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Алайда сарапшылардың кейбір болжамына қарамастан, 20-шы жылдың екінші жартысында әлем жұртшылығы бұл жағдайға бейімделіп, экономикада біраз өзгерістер болды. Соның ішінде, Қазақстан экономикасы да бірнеше өзгеріске ұшырады. Елдің қаржы жағдайына әсер еткен факторлардың бірі - азық-түлік тауарлары.

Азық-түлік бағасындағы қымбатшылық ел ішінде 2020 жылдан бастап анық сезіле бастады. Атқарушы билік әлеуметтік маңызы бар тауар құнын қанша реттеуге тырысқанымен қымбатшылық қарқынын тежеу мүмкін болмай тұр. Биыл наурыз айында еліміздегі инфляция 12%-ға қымбаттап, рекордтық деңгейге жетті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылдың шілдесінде инфляция жылдық есептеуде 15%, бір айда 1,1% құраған. 

2022 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 19,7%-ға өсіп, азық-түлікке жатпайтын өзге тауарлардың құны 14,2%-ға көтерілген. Одан бөлек, Ұлттық статистика бюросының ұсынған мәліметінде 2022 жылғы наурызда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азық-түлік тауарлары 15,4% қымбаттағанын байқауға болады. Нарықта сұранысқа ие азық-түлік өнімдері: қант – 33,2%–ға, көкөністер – 23,4%–ға, картоп – 14,6%–ға, жемістер - 9,3%-ға, сары май - 6,7%-ға, жарма - 6,3%-ға, жұмыртқа – 5,2%–ға, күріш – 4,3%–ға, ет және құс еті - 3%-ға, шұжық, кондитерлік өнімдер - 2,7%-дан, күнбағыс майы - 2,5%-ға қымбаттаған. Ал сәбіз бағасы 29,6%, қызылша 25,2% төмендеді.

Осыған дейін, 2018 жылы 5,1%-ды, 2019-да бұқара үшін әлеуметтік маңызы бар өнімдердің орташа өсімі жыл басынан бері 8 пайызды құраған. 2020 жылдың  қорытынды есебі бойынша тоғыз айда азық-түлік тауарлары – 7,4%-ға,  2021 жылдың қазан айына қарай азық-түлік тауарлары 11,3%-ға өскен.

Қазақстандықтар азық-түлік бағасының шарықтап кеткеніне шағымданып, пікірін білдіріп жатыр. Мамандардың айтуынша, жыл басында тауар бағасы қаңтардан кейін азық-түлік жеткізудегі қиындықтарға байланысты өскен. Ал ақпанның аяғы мен наурыздың басында бағаның өсуіне көршілес мемлекеттер арасындағы геосаяси дағдарыс себеп болып отыр.

Сымбат НАУХАН