Bugin

«Астана LRT» ісі бойынша айыпталушы тергеудегі қысым туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Елордада құрылысына миллиардтаған теңге жымқырылған «Астана LRT» компаниясының атышулы ісі бойынша сот процесі жүріп жатыр. Сотталушылардан жауап алу кезінде «Arkan Pro» компаниясының бұрынғы қожайыны Дәурен Әбдіхамитов өзіне және басқа айыпталушыларға қысым жасалғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алғашында, мені 2020 жылдың 6 мамырында Алматыдан алып келіп, уақытша ұстау изоляторына қамады. 7 мамырда мені тергеу изоляторынан Антикорға алып кетті. Мені Қабдоллаға апарды (Шыңғыс Қабдолла – ол кезде «Антикор» төрағасының орынбасары – ред.), Перов те сонда (Сергей Перов – «Антикордың» екінші бөлімінің бастығы –  ред.). Қабдолла маған небәрі 1 миллиард 100 миллион теңгені қайтару керектігін айтты», – деді сотта жауапкер.

Дәурен Әбдіхамитов бұдан кейін оны Сергей Перовтың кабинетіне апарғанын айтты. Сотталушының айтуынша, ол бұл іске еш қатысы жоқтығын және «ешбір миллиардтан хабары жоқтығын» ашық айтқан.