Bugin

«Оралды Ресейге беру керек»: Әлеуметтік желіде шу шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

БҚО-да арандатушылық ұран көтергендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде таралған видеода Норвегия жалауы тұрған кадрдан сөйлеп отырған ер адам Украинадағы қақтығыс туралы айтып, сосын Қазақстанға қатысты арандатушылық әңгімелерге көшеді. Оның сөзін қазақстандық үш адам қызу қолдап, алдымен «Орал мен Чапаевты басып алу» керегін, ол үшін «қолға автомат беру» қажеттігін айтады.

БҚО полиция департаментінің дерегінше, бейнекадрдағы үш адам (біреуі – жасөспірім) анықталып, олардан жауап алынға.

«Қазіргі кезде ҚК 174-бабы 2-бөлігі (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылғандар (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бiрнеше рет жасалған немесе күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ұласқан, сол сияқты адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер) белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады», деп хабарлады ведомстводан.

Күдіктілер бейнежазба арқылы қателескендерін айтып, жұртшылықтан кешірім сұрады.