Bugin

Ерболат Досаев қызметінде қалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметін сақтап қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 желтоқсандағы Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметіне қайта тағайындалды.

«Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын» делінген Ақорда сайтында жарияланған жарлықта.

Ерболат Досаев 31 қаңтарда Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін 2019 жылдың ақпан айынан бастап Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарған. 2017 жылдың тамызынан бастап Досаев премьер-министрдің орынбасары болды.

Сонымен қатар ол қаржы вице-министрі, энергетика, индустрия және сауда вице-министрі қызметтерін атқарған.