Bugin

Екібастұздағы жылу мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Екібастұз қаласында материалдық резервтен 800 жылыту батареясы жіберілді. Бұл туралы Павлодар облысының төтенше жағдайлар департементінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екібастұз қаласында төтенше жағдайлар салдарын жою үшін мемлекеттік материалдық резервтен 800 жылыту батареялары жіберілді. Суды сору және тұрғын үйлерді жылыту жұмыстары жалғасуда. Психологтар мен «Қызыл Ай» қоғамының еріктілері халықққа барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ брифингте Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук Екібастұзда барлық үйдің жертөлесіне жылу берілгенін хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық үйдің жылу блоктарына салқындатқыш сұйықтық жеткізіліп, жылу қондырғылары қалпына келтірілген.