Bugin

Сот «Дикий Арманды» қамауға алу мерзімін тағы ұзартты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сот Арман Жұмагелдиевті (Дикий Арман) қамауға алу мерзімін 12 айға ұзартты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы шешімімен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауға алу мерзімін 12 айға, яғни 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтінішхаты қанағаттандырылды», - деп хабарланды сейсенбі күні сотта.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиевке Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 адамды ұрлады деген айып тағылып отыр. 2 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов ұсталды. Бір нұсқа бойынша, «Дикий Арманның» ұйымдасқан қылмыстық тобын ҰҚК қызметкерлері қадағалаған.