Өнім
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Украинаның Днепропетровск облысындағы Кривой Рогта жарылыстар мен әуе дабылы естіледі. Бұл туралы Украинаның «Страна» интернет-басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Кривой Рогтағы жарылыс туралы жергілікті жұртшылық хабарлайды», - деп жазды басылым өзінің телеграмм-арнасында.
Сонымен қатар жергілікті «Қоғамдық» интернет-басылымы Харьковтағы жарылыстар туралы мәлімдеді. «Харьковтағы жарылыстар!» делінген БАҚ басылымында.
Естеріңізге сала кетейік, Украинаның Харьков облысында сағат 20:52 (Мәскеу уақытымен 21:52) әуе дабылы жарияланды.