Bugin

Белгілі бокс тренері өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанға белгілі бокс жаттықтырушысы Феликс Цой 82 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

Феликс Цойдың отбасына оның шәкірттері, атақты спортшылар Ангелина Лукас пен Фируза Шарипова көңіл айтты.

«Қазақстанда бокстың дамуына бапкер Феликс Тихонович Цой зор үлес қосты. Оның шәкірттері - Рашид Кабиров, Болат Жұмаділов, Бақтияр Тілегенов. Рингте не істесем, бәрін сол кісі үйретті. Мен оны өзімнің алғашқы тәлімгерім және бапкерім деп санаймын! Оның әрбір сөзі, әр кеңесі есімде, және бәрін қолданамын... Әр жекпе-жекте, әр жекпе-жек алдындағы әңгімеміз есімде! Феликс Тихонович - аңыз адам! Мен сізбен жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Мен сізді қатты жақсы көрдім және өмір бойы есімде сақтаймын», - деп жазды Анджелина Лукас.

Фируза Шарипова Цойдан тәлім алған алғашқы қыз екенін атап өтті.

«Ол маған әрқашан не болса да, тіпті жеңіліп жатсаң да, қарсыласыңның көзіне қарау керек деп айтатын. Ешқашан көңіліңді түсірмей, жеңіске сену керегін айтатын. Мен үшін ауыр қайғы, жүрегім ауырып барады», - деп жазған спортшы.