Bugin

Астанада TikTok-та терроризмді насихаттаған ер адам жеті жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Астанада TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттағаны үшін ер адам жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 желтоқсанда Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты азамат И.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды. Сот И.-ды 256-баптың 2-бөлігінде (терроризмді насихаттау немесе қылмыс жасауға жария шақыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Айыпталушы жеті жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.

Іс бойынша, ер адам TikTok сайтында «қарулы жиһад» идеологиясын насихаттайтын діни роликтер жариялаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.