Bugin

«Камераға түсіріп алған»: Ақтауда әскери қызметкер қызын зорлады деген күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Әскери-тергеу органдары Ақтау гарнизоны әскери бөлімінде жұмыс істейтін қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізеді. Бұл туралы InAktau.kz сайтына ҚР Бас әскери прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Дерекке сүйенсек, әскери қызметкер қызын зорлады деген күдікке ілініп отыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабының 4-бөлігі (Зорлау) және ҚР ылмыстық кодексі124-бабының 3-бөлігі (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша жүргізіледі.

«Аталған әскери қызметкерге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің балаларға зорлық-зомбылық жасауының басқа фактілері тіркелген жоқ. ҚР ҚІЖК - нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді» , - деді Бас әскери прокурордың орынбасары Сәкен Ермекбаев.

Бейресми мәліметтер бойынша, күдіктілер теңіз жаяу әскерінде жұмыс істейді. Жәбірленушінің жасы 11-де. Күдікті қызын алты ай ішінде зорлаған. Отбасында жәбірленушіден жасы кіші қыз осы оқиғаны камераға түсіріп үлгерген. 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ер адам бұл оқиғадан бұрын қарулы күштер қатарынан босатылған.