Bugin

Президентке өлең арнаумен танылған ақын бір туындыға қанша ақша алатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Назарбаев пен Тоқаевқа өлең арнаумен аты танылған ақын Балтабек әр өлеңіне қанша сұрайтынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Маған арнап өлең шығарасың ба?» деп жекеме хабарласушылар өте көп. Бірден айтайын, 5 шумақ өлең бағасы 200000 тг. Бұл тек қарапайым халық үшін ғана. Биліктегілерге басқа баға. Жаңа жылдан бастап баға өзгереді. 5 шумақ 1000000 тг болады. Еліміз аман болсын! Бір нәрсені айтуды ұмытып барады екенмін. Менің арнайтын өлеңімнің үлкен емдік қасиет-қуаты бар, жарқырайсыз, тазарасыз. Жолыңыз ашылады. Бірақ ақша төлейтін кезде, бүріспей-тырыспай, шын көңілмен берген абзал. Себебі басқалай жағдайда кері әсері болуы мүмкін. Солай», - деп жазды Балтабек ақын өзінің фейсбук парақшасында.