Bugin

Қазақстандағы ең үздік ауыл әкімі анықталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ауыл әкімдері арасында «Үздік ауыл әкімі» атағына республикалық байқау өткізді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық ауылдық округ әкімдері қатысуға өтінім берді. Әсіресе Қостанай облысынан – 14, Солтүстік Қазақстан облысынан – 12 және Жамбыл облысынан – 12 әкім қатысып, аталған облыстар белсенділік танытты.Байқау екі кезеңде: облыстық және республикалық деңгейде өтті.

«Облыстық кезеңге қатысушылар ауылдық жерлерде тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайын жасауға бағытталған жобаларын қорғап, күтілетін экономикалық және әлеуметтік тиімділікпен ауылдарды тұрақты дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді. Екінші кезеңде ауыл әкімдерінің ситуациялық жағдайлар арқылы проблемалық жағдайларда мәселелерді шешу мүмкіндіктерін бағалады», - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен.

Нәтижесінде «Үздік ауыл әкімі» атағы Түркістан облысы, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейітовке берілді.

Екінші орынды Павлодар облысы, Успен ауданы, Новопокровский ауылдық округінің әкімі Вячеслав Симоненко алса, үшінші орынды Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Абшанов жеңіп алды.

Әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар:

Қарағанды, ​​облысы Нұра ауданы, Баршын ауылдық округінің әкімі Зәуре Мұханалиева – «Үздік ашық әкім».
Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Шағалалы ауылдық округінің әкімі Гүлмира Добромирова – «Үздік әлеуметтік жоба».
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аблакет ауылдық округінің әкімі Арыслан Ағланбеков – «Үздік шаруа әкімі».