Bugin

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы қанша?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылғы 1 желтоқсанындағы негізгі көрсеткіштерді жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Дерекке сүйенсек, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асты. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) жинақтар да шамамен тура осындай өсім – 9,9% немесе 1,2 трлн теңгені көрсетті.

«1 желтоқсанға бұл шоттарда 13,9 трлн теңгеден астам қаражат жинақталған. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 11 айда 20,7% ұлғайып, шамамен 436 млрд теңге болды. Жыл басынан бергі ең үлкен өсімді - 94,5% - ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетіп, ол 3,3 млрд теңгеден асты. 2022 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін зейнетақы жарналары түрінде ЖЗШ-ға 1,5 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 30% көп.

Өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, МЗЖ көлемі 29% (немесе 329,5 млрд теңгеге), МЗЖ – 39% (немесе 19,4 млрд теңгеге) ұлғайды. Ең көп өсім - 212% немесе 1,4 млрд теңге ЕЗЖ шоттарында орын алды. Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде 777 млрд теңгеден астам қаражат түсті», – деп хабарлады зейнетақы қоры.

БЖЗҚ-да төлемдер жыл басынан бері 1,1 трлн теңгеден асты. Баламалы мақсаттарға берілетін төлем көлемі өткен жылмен салыстырғанда 58%ға төмендеді.

«Жасы бойынша төлемдер 22,6%–ға ұлғайып, шамамен 109 млрд теңге болды. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады», – деп хабарлады БЖЗҚ.