Bugin

Жетісу облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Жетісу облысы Панфилов ауданында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова Facebook желісіндегі парақшасына жазды.

«Панфилов ауданында 8-сынып оқушысы жүкті болды! Бір бөлімнің әскери қызметкерінен күдік бар» делінген жазбада.

Панфилов ауданының білім бөлімі өкілдері кәмелетке толмаған оқушыға қатысты жасалған қылмыс туралы 2022 жылғы 15 желтоқсанда белгілі болғанын мәлімдеді.

«Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін барлық жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылданады. Бұл мәселе аудандық білім бөлімінің қатаң бақылауына алынды», - деп пікір білдірді білім бөліміндегілер.