ДЕНСАУЛЫҚ

Электр шәйнектерінде қайнатылған су қатерлі ісік тудыруы мүмкін бе?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Электр шәйнектің қайнаған суы шынымен қатерлі ісік тудыра ма? Бұл сұраққа қытайлық мамандар жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы InoSmi сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін интернетте электр шәйнегіндегі судың денсаулыққа зияны туралы ақпарат пайда болған. Ақпарат Sina басылымында жарияланды. Электр шәйнекте қайнатылған судың улану, жүйке жүйесінің бұзылуы және қатерлі ісік ауруын тудыратыны хабарланды. 

Сондай-ақ мақалада тот баспайтын болаттан жасалған электр шәйнекте қайнатылған су балалардың интеллектісінің төмендеуіне себеп болатыны айтылған. Мұндай материалдан жасалған шәйнектердің жартысынан көбі денсаулыққа байланысты проблемаларға әкелетіні айтылған. Себебі, оларды жасау үшін құрамында марганеці жоғары болат пайдаланылады.

Осыған байланысты Бейжің педагогикалық университетінің химия кафедрасының ассистенті Йе Ненгшэн қышқылдық сынамасында қолданылған сірке қышқылының ұлттық стандарттан асып кеткенін, сондықтан нәтиже жоғары болғанын айтты.

Бірқатар металлург маман нарықта сатылатын арзан тот баспайтын болаттан жасалған шәйнектер құрамында жоғары марганец болат болуы мүмкін екенін, бірақ маркалы тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдар сапа бақылауынан өтіп, адам денсаулығына қауіп төндірмейтінін айтты.