ДАМУ

Қоян жылында табысты болуға көмектесетін құпия сенімдер

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шығыс күнтізбесі бойынша, 2023 жыл - қоянға тиесілі. Бүгін сізге бұл жануар өзімен бірге сәттілік пен байлық әкелуі үшін не істеу керегін айтамыз.

Егер сіз жаңа жылда ата-ана болғыңыз келсе, бос қабырғаларды қоян суреттерімен безендіріңіз. Сонымен қатар ырымдап көжек түріндегі мүсінше, тоңазытқыш магниттерін және басқа да аксессуарларды пайдалансаңыз болады.

Ауырмай, денсаулығын жақсартқысы келетіндер үшін ақ қоянның мүсіншесін алу керек. Оны терезеге қойыңыз: фэн шуй бойынша бұл атрибут денсаулық пен жан тыныштығын білдіреді.

Монеталар тауына шыққан немесе табан жағында ақша дорбасын ұстаған қоян мүсіні үйге байлық тартуға көмектеседі.

Артқы аяғында сәбізі бар қоян бизнестегі табысты тартатын магнит болып есептеледі. Кәсіпте қиындықтарға тап болғандар үшін аталмыш жануар кейпіндегі гипс мүсінін алу керек.

Басы жоғары көтерілген қоян назар мен зейінді көрсетеді. Мұндай фигура ештеңеден тайсалмайтын төзімділердің нағыз белгісі болып есептеледі.

 

Дереккөз: bobruisk.ru