Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Павлодар облысында тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«2023 жылғы 8 қаңтарда сағат 17.08-де Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Ленин-Ақсу тас жолында «Нұрлы жол» көпірінен 500 метр жерде тұрмыстық техника тиелген 1988 жылғы «Renault» жүк көлігі толығымен жанып кетті», - деп хабарлады жексенбі күні Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік Алматыдан Павлодарға бет алған.
Өрт аумағы 18 шаршы метрді құрады.
Себептері мен зияны анықталуда.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61