Bugin

Дубайға барып, құлдыққа тап болған қазақ баласы табылмай жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Дубайға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық азамат жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы LIFE09 ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазбеков Исламбек 2022 жылдың қыркүйек айында Дубай қаласына жұмыс істеуге кеткен. Бірақ жыл соңына қарай Исламбек достарына бейтаныс адамдардың ықпалымен Тайландқа ауысқанын айтқан. Кейіннен Таиланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін «Золотой треугольник» деген жерге алданып келгенін жеткізген. Бірақ  27 желтоқсаннан бері байланысқа шықпаған. 

Жоғалған азамат соңғы хабарламасында түсініксіз жайттардың болып жатқанын достарына ескертіпті.

«Золотой треугольник» деген жерге келгенше 10 посттан өттік. Қайда тап болғанымды сонда келгенде ғана түсіндім. Жанымда 1 қазақстандық жігіт, 2 пәкістандық және тағы бір адам бар. Бізге басында аудармашы боласыңдар деген, кейіннен сату жұмыстарымен айналысасыңдар деді. Сатудан қажетті ақшаны таппасаңдар, ақшаны өздерің төлейсіңдер деп айтты. Ал ол ақшаны өтеп бере алмасақ,  ұрамыз, құлдыққа саламыз, түрмеге қамаймыз дейді. Енді бір амал болса, қайтып кетуге тырысамыз. Егер менен хабар үзіліп қалса, жағдайдың қиындағаны деп түсініңдер» делінген жоғалған жігіттің соңғы хабарламасында. 

Жоғалған қазақстандық азаматтың достарының айтуынша, Исламды құлдықта ұстап отыруы мүмкін.  

Мемлекеттік органдар жоғалған азамат туралы қандай да бір ақпарат білу үшін жұмыс істеп жатыр. Аталған жерде заңның күші аса жүре бермейді. Бұрынғы тәжірибелер көрсеткендей, аталмыш елдерде осындай жағдайға тап болған адамдарды қайтару үшін қомақты қаржы сұрайды.