Weekend

Томография дәлелдеді: иттер адам тілін түсінеді

Ғалымдардың өздері таңқалып отыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Frontiers in Neuroscience журналында жарық көрген жұмыс негізінде, Эмори университетінің ғалымдары иттердің адам тілін түсінетінін дәлелдеп шықты.

Арнайы тәжірибе алу мақсатында 12 түрлі ит таңдалып алынды. Олар арнайы қолға және томографиялық аппаратқа қозғалмай отыруға үйретілген иттер. Ит иелеріне бір ай бойына белгілі бір затты алып келуді үйрету тапсырылды. Оның өзінде сол заттың атауын естіген кезде ғана. Иттер затты оңай ажыртау үшін, бірі – жұмсақ, бірі – қатты зат ретінде қарастырылды. Иттер аталған затты дұрыс тауып, алып келген кезде оларға дәмді астар берілді. Сонымен қатар, ит иелеріне бұрын ит естіп көрмеген сөзді айтып, бірақ иттің осыған дейін алып келіп жүрген затын нұсқау тапсырмасы берілді.

Бір ай уақыт өткеннен кейін иттерді томографиялық аппаратқа салып тексеру басталды. Зерттеу нәтижесі бірнеше қызық әрі таңқаларлық ғылыми жаңалықты алып келді. Біріншіден, иттер бұрын үйренген сөздерін жатқа сақтайды және түсінеді. Бұл миларының белсенділігіне байланысты анықталды. Екіншіден, олар өздеріне таныс емес сөзді лезде аңғаратын ерекшелікке ие болып шықты.

Ғалымдарды қызықтырып отырғаны, иттерде болатын жағдай адамдарда керісінше екен. Яғни, адамдар таныс емес сөзге қатты мән бермейді. Ал иттер керісінше, өздеріне таңсық сөзге басты назарды аудара отырып, өз иелерін қуанту үшін барынша белсенді жұмыс жасайды.