Bugin

Атырауда параға торт алған екі полицейді жұмыстан шығарып жіберді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Атырауда жүргізушіден тортты заңсыз алған полицейлерге шара қолданылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға жаңа жыл қарсаңында болған. Көлігінің сақтандыру құжаты болмай, полицияға ұсталған атыраулық жүргізуші айыппұлдың орнына торт берген. Жол сақшысы тәтті парадан бас тартпаған. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

«Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлайды: оқиға 2022 жылдың 30 желтоқсаны күні болған. Аталған фактіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының 2 қызметкері жұмыстан шығарылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Дереккөз: Sputnik.kz