Bugin

Тоқаевтың Қостанай облысына не үшін барғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

 

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың telegram арнасына сілтеме жасап
 
Сапар аясында Президент бірқатар өндіріс кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды аралап көруді жоспарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады.

– Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қала тұрғындарымен кездесу барысында азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді. Қостанай облысы мен қала әкімдіктері Рудныйдағы жағдайды жедел қалпына келтіруге тиіс.

– Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.