Спорт

Қазақстандық хоккейшілер Жапонияны жеңіп, Универсиада-2023 қола жүлдегері атанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Хоккейден Қазақстанның студенттік құрамасы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиадада қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

22 қаңтарда үшінші орын үшін өткен матчта Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері Жапониямен кездесті. Матч 8:1 есебімен аяқталды.

Бірінші кезеңде Максим Мұхаметов есеп ашты. Бұл шайба бастапқы жиырма минутта жалғыз гол болды. Екінші кезеңде қазақстандықтар тағы төрт гол ұйымдастырды. Олар Саян Данияр, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков және Батырлан Мұратовтың есебінде.

Жапония құрамасының жалғыз голын Юто Гондира соқты. Қорытынды кезеңде қазақстандықтар тағы үш гол соқты. Әли Қасенов, Мұхаметов және Данил Бутенко ерекше көзге түсті.

Бұған дейін Лейк-Плэсидте өткен Универсиадада хоккейден Қазақстанның студенттік құрамасы Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания және Словакия құрамаларын жеңген болатын. Алайда ол АҚШ пен Канада құрамаларынан жеңіліп қалды.