ДЕНСАУЛЫҚ

Атырауда 53 жастағы әйелдің жатырынан 8 келі миома алынды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Атырауда 53 жастағы әйелдің жатырына ота жасалып, 8 келі миома алынды, деп хабарлайды Bugin.kz портады өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Облыстық ауруханадағы гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Жанаргүл Бекенованың айтуынша, 53 жастағы әйел қабылдау бөлімшесіне келгенде қатты ауырып тұрғанын айтқан.

«Науқастың іші ауырып тұрды. Жүрегі айнып, құсқан. Әлсіз болып, басы айналған. Жыныс мүшесінен қан кеткен. Біздің бөлімше дәрігерлері науқасты толық тексеруден өткізді. Оның қорытындысына сай науқасқа «Жатырдың үлкен миомасы. Түйін некрозы, орташа анемия» диагнозы қойылды», - дейді Жанаргүл Бекенова.

Бөлімше меңгерушісінің жетекшілігімен гинеколог дәрігерлер Інкәр Ондасынова мен Мақсат Туғанбаев науқастың жатырына ота жасап, салмағы 8 келі миоманы алып тастаған. Қазір науқас облыс ауруханасының гинекология бөлімшесінде қарқынды ем-дом шарасын алып жатыр.

Миома – жатырдың қатерлі емес ісігі.