Денсаулық

​Ауырсаңыз, музыкамен емделіңіз!

Естімеген елде көп

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Музыкатерапия кез келген аурудан айықтыратын ең қауіпсіз әрі қосымша қаржы жұмсамайтын дәру. Жағымды әуен жүйкені тыныштандырып қана қоймай, сонымен қатар қан айналу жүйесін жақсартып, тыныс жолдарын да емдейді. Сондай-ақ, ас қорыту жұмысын реттеп, ағзадағы өзге аурулармен де күреседі.
Музыканы тыңдаудың нәтижесінде жабырқаулықтан арылып, ұйқыңыз тынышталады. Бойкүйездікті жеңіп, өзіңізге деген сенім нығаяды. Есте сақтау қабілетіңіз артып, шығармашылық мүмкіндігіңіз ашылады.
Жапондық ғалымдар емізулі аналарға музыканың тигізер пайдасы орасан екенін дәлелдеді. Емізу кезінде ырғақты музыка қойсаңыз, баланың дамуына, ой-өрісінің өсуіне оң ықпалын тигізетін көрінеді. Музыка тыңдап отырып емген баланың есте сақтау қабілеті артып, шығармашылыққа бейімделеді деген қорытынды жасаған.
Ал канадалық ғалымдар үнемі музыка тыңдап жүретіндер мен музыкаға әуесі жоқтарды салыстырып қарағанда, әлдеқайда айырмашылықты байқаған көрінеді. Сондағы дәлелдегендері математикалық есепке жүйріктігі анықталған. Музыка тыңдап жүрген балалар кез келген есепті шемішкедей шақса, ал музыка тыңдамағандары есептегіш құралдардың көмегіне жүгінген. Ал жүкті кезінде музыкаға әуестеніп, үнемі тыңдап жүретін аналардан қағылез, ширақ, пысық бөбектер туылады екен.
Музыка күйзелісті жойып, бойыңызға сергектік сыйлайды. Жұмысқа деген қабілеттілікті арттырып, зейінділікті оятады. Кез келген жұмысқа жауапкершілікті арттырады.
Британдық ғалымдар бас ауруларын музыкамен емдеуге болатынын дәлелдеген. Оған ақыл есінде кемшілігі барлар, ұмытшақтық, инсульт алғаннан кейінгі болатын ми ауруларынатауға жатады.
Музыканы тыңдап қана қоймай бірге ән шырқаса дел-салдықтан арылып, жабығу мен күйзелісті жеңеді.
Бірнеше сағат тыңдаған баяу ырғақты әуен ишемиялық инсультті емдейді. Ал музыкалық аспаптармен ойнау ақыл-есі дамымаған балаларға өте пайдалы екені анықталған.
Музыка жүрек дертіне де дауа екен. Қан қысымын төмендетіп, жүрек дүрсілін реттейді. Сондай-ақ, опера да жүрек ауруынан емдейді. Канадалық ғалымдар музыканың шала туылған балалардың дамуына оң әсері барын анықтаған. Әуен олардың ауруын жеңілдетіп, тыныс алуын қалпына келтіреді және жүрек қызметін жақсартатын көрінеді. Егер балаңызда жүрек ақауы болса, оның бөлмесінен үнемі баяу ырғақты әуен немесе күйдің дыбысы естіліп тұрғаны жөн.
Музыка тыңдау кімдерге зиян?
Бүгінде құлаққап киген жастарды да, орта жастағыларды да көптеп кездестіруге болады. Олардың кейбіреулері тіпті тамақ жеген кезде де құлаққаппен отыруды әдетке айналдырған. Зерттеуші ғалымдар 1,5 сағаттан артық уақыт таққан құлаққап құлақ ауруына шалдықтырады дейді. Әуенді тым жоғары қойып тыңдайтындардың құлағы ерте ауруға шалдығады.
Дәрігерлер мен психологтар бас қосып, қайсы музыканың адам денсаулығына пайдалы әрі зиянды екенін дәлелдеген. Бас қосудың нәтижесінде хаус, хип-хоп, панк-рок, ауыр рок, хэвиметал, шансон сынды музыкалар адам денсаулығы үшін зиянды деп танылса, классикалық музыкалар керісінше сіздің жаныңызды жадыратып, ерекше сезімталдық пен өмірге деген құлшыныс сыйлайды. Сол себепті де әуенді таңдауда қателеспеуіміз керек. Бойыңыздағы түрлі дерттерден сауыққыңыз келсе классикалық музыкаларды тыңдаңыз. Бұл өте пайдалы.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61