Қоғам

Атырауда ер адам немере інісін зорлады деп айыпталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Атырауда ер адам немере інісін зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде.

«Күйеуінің ағасы жеті жасар балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады. Келінінің бірінші некесінен туған ұлы. Мәліметтер таң қалдырады, бізге баланың көкесінің оған не істегені көрсетілген бейнені жіберді», – деп жазады Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде.

Баланың анасының айтуынша, ол жүкті кезінде де таяқ жеген.

«Қорқытуға шыдай алмай, өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген, алайда дәрігерлер оны аман алып қалған. Бірақ ол ауруханадан шыққанда тағы да соққыға жығылған. Баласы анасы үшін қорқып, болған оқиғаны айтпаған. Бірақ әйелдің өзі бірдеңе дұрыс емес деп күдіктене бастаған. Нәтижесінде олар қатыгездерден қашып, полицияға арыз жазды», – дейді белсенді.

Сондай-ақ, полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Білім министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті балаға психологиялық көмек көрсетілетінін айтты.

«Комитет Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Ішкі істер министрлігіне тиісті хаттар жіберді»,- деп толықтырды комитет.