Daryn news

«Daryn.online» жылдың үздік EdTech компаниясы атанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бүгін «Digital Almaty 2023: жаңа замандағы цифрлық серіктестік» атты V жыл сайынғы Халықаралық цифрлық форум аяқталды. Халықаралық технологиялық форум аясында цифрландыру саласындағы үздік жетістіктер үшін жыл сайынғы дәстүрлі сыйлық табыс етілді.

Марапаттау рәсімі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының пленарлық отырысы аясында өтті. EdTech номинациясын BuginHolding құрамына кіретін «Daryn.online» білім беру платформасы иеленді. Жеңімпазға сыйлықты Армения премьер-министрі Никол Пашинян табыс етті.

bugin.kz

bugin.kz

Daryn.online білім беру платформасы алдағы уақытта  еліміздегі сәтті жобаларды, тексерулерді шетел нарығына экспорттамақ.

«Бұл біздің команданың тыңғылықты, жүйелі жасаған жұмысының жетістігі. Біздің жобаны қолданушыларға, қолдаушыларға рақмет айтамыз! Біздің мақсатымыз сапалы білімді қолжетімді ету, ауыл сапасының білімін арттыру жолында жаңа технологиялар мен инновацияларды жасау, енгізу. Біздің алдағы жоспарымыз еліміздегі сәтті жобаларды, тексерулерді шетел нарығына экспорттау. Біз қазір Өзбекстан нарығына ағылшын тілін енгізіп жатырмыз, ал Сауд Арабиясы мен Индонезия нарығына математика пәнін біздің қалыптыстарған методикамен сол елдің тілдерінде жасап жатырмыз. Білім бізді біріктіреді, біз бұған сенеміз!» - деді Bugin Holding компаниясының негізін қалаушы Айбек Қуатбай.

bugin.kz

bugin.kz