Bugin

Алматыда асқазанында бір келі шаш жиналған 11 жастағы балаға шұғыл ота жасалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында асқазанында бір келі шаш жиналған 11 жастағы балаға шұғыл ота жасалды деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Баланың іші ауырып, бір апта бойы құсып, асқа тәбеті болмаған. Оны жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызылғанға дейін қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем қабылдаған.

"Ақпанның 1-інде бала жедел аппендицитке күдікпен қабылдау бөліміне жеткізілді, оның диагнозы динамикалық бақылау барысында жоққа шығарылды", - дейді БШМККО іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Қызға шұғыл түрде іш қуысы мүшелеріне УДЗ, эзофагогастродуоденоскопия жасалды.

"Аспаптық тексеру сатысында асқазан көлемді "дыбыс іздерін" құрайтын көптеген эхо-теріс түзілістермен толғаны белгілі болды. Зерттеу нәтижелері асқазан қуысында көлемді түзілісті көрсетті: асқазанда көптеген гетерогенді бөлшектен, шаш өрімінен және шырыштан тұратын оның бүкіл көлемін толтыратын лас қара түсті бөгде дене анықталды”, - деді бөлім меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.   

Дәрігерлер науқасқа наркозбен лапаротомия, гастротомия, асқазаннан бөгде затты алып тастау отасын жасады.

"Асқазан қуысында 16*6*5 см, салмағы 1000 г үлкен көлемдегі тығыз, көптеген шаштан тұратын тамақ массасы мен шырыш жабысқан конгломератпен бейнеленген бөтен дене (трихобезоар) табылып, шығарылды", - деді БШМККО балалар хирургі Сәуле Сүлейманова. 

Медициналық орталықтың мәліметінше, бұл 2023 жылы "асқазанның трихобезоары" диагнозы қойылған алғашқы жағдай.