МӘДЕНИЕТ

"Грэмми-2023" жеңімпаздары белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Лас-Вегаста 65-ші "Грэмми" марапаттау рәсімі өтіп жеңімпаздар белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Салтанатты шараның соңында әнші Бейонсе ұтып алған мүсіншелер саны бойынша рекорд орнатты. Бүгінде оның 32 Грэмми сыйлығы бар. Бұған дейін дирижер сэр Георг Солти ең көп мүсіншеге ие болған.

Гарри Стайлстың "Harry’s House" жыл альбомы атанды. Альбом сонымен қатар "Үздік поп-вокалдық альбом" жүлдесін жеңіп алды.
2023 жылы Грэмми алғаш рет бейне ойындарға арналған жеке санатты енгізді. Үздік музыка жүлдесі Assassin's Creed Valhalla: Dawn of Ragnarok фильмінің саундтрегін жазған Стефани Икономаға берілді.

"Грэмми-2023" марапаттау рәсімінің басты жеңімпаздары:

  Жыл жазбасы — Лиззо (About Damn Time)

  Жыл әні — Бонни Рэйтт (Just Like That)

  Ең үздік жаңа әртіс — Самара Джой

  Жыл альбомы — Гарри Стайлс (Harry’s House)

   Ең үздік музыкалық бейне — Тейлор Свифт (All Too Well)

   Ең үздік соло поп-орындаушы — Адель (Easy on Me)

   Ең үздік поп-альбом — Гарри Стайлс (Harry’s House

   Ең үздік би/электронды альбом — Бейонсе (Renaissance)

   Ең үздік R&B-ән — Бейонсе (Cuff It)

   Ең үздік рэп— Кендрик Ламар (The Heart Part 5)