ДАМУ

"Қазақ тілі бәле болды ғой": Тілдің мәртебесі қандай?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Күні кеше «Бүгін Podcast-қа» тіл маманы, медиа-тренер, редактор Назгүл Қожабек келген. Telegram-да жеке арна жүргізіп, көпшіліктің көзін ашып жүрген тіл жанашыры халыққа керекті мәліметтер айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мәселен жүргізушінің «Жарнамадағы қателіктерді кім тексереді?» деген сұрағына:

«Әр қаланың әкімдігінде тіл басқармасы бар. Солар міндетті түрде көшедегі билбордтардың мәтінін тексеруі тиіс. Жарнамадағы қатенің себебі неде? Өйткені жарнама агенттіктеріндегі мәтінді қабылдап алатындар қазақтар емес», - деді.

Құндызай Өтеген: «Заң жобасына тоқталсақ, қазақша нұсқасы түсініксіз. Бірінші орысшасын оқып алып түсініп жатамыз. Осы мәлені шешуге билікке ұсыныс тастаса, оны билік қабылдай ма?» деп сауал тастады.

«Биліктің оған ақшасы жетпейді. Кім тегін жұмыс істейді? Егер шын мәнінде кірісетін болса жүз-екі жүзге жуық адамнан тұратын топ құрылып, тек сол жұмыспен ғана айналысуы керек. Ерікті болып ешкім жұмыс істегісі келмейді. Бір ғана заңның өзіне қаншама еңбек керек», - деді Назгүл Қожабек.

Әңгіме барысында жүргізуші «Қазақ тілінің мәртебесі қандай?» деп сұрақ қойды.

«Ресми түрде қазақ тілінің мәртебесіне ештеңе болған жоқ. «Де-факто» деген ұғым бар, яғни іс жүзінде – біз «қазақ тілі бәле болды ғой», «ой, қойыңдаршы сол қазақ тілін», «қазақша болса болды емес пе», «сайтыңның қазақшасы кімге керек, бәрі орысша оқиды ғой» дейміз.

Қоғамда екі көзқарас бар: шынайы көзқарас пен хайп. Шын мәнінде тіл мәртебесі жолында күресіп жүргендерге хайп қуғандардың әрекеті зиян тигізеді. Оларға тек танымалдылық пен лайк керек. Бір кемшілік көріп, соны телефонға түсіріп алу дұрыс емес. Қазақ тілге қатысты оқиғада агрессия керек емес. Мәдениетті түрде жеткізу керек»,- деді тіл маманы.

Подкастты мына сілтеме арқылы көре аласыз.