Білім және ғылым

NIS оқушылары халықаралық Жәутіков олимпиадасында жеңімпаз атанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары ХІХ халықаралық Жәутіков олимпиадасында жеңімпаздар қатарынан табылды.

Оның ішінде Пітебай Ерсұлтан физика пәні бойынша алтын медальға,  Нәрік Арсен мен Сейтенов Альдинаш математика пәнінен күміс медальға, ал  Нұрахметова Ақерке қола медальға ие болып, мектеп мерейін үстем етті. 

Аталған байқауға 26 елдің 281 командасы 10 күн бойы математика, физика және информатика пәні бойынша сынға түсті. Қазақстаннан құрамында 250 оқушысы бар 35 команда бақ сынады. Дәстүрлі халықаралық Жәутіков олимпиадасына Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Румыния, Сербия, Украина, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және басқа да елдердің физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептерінен жалпы 1200-ден аса оқушы қатысты.

Айта кетейік, жеңімпаздарға сыйлықтар мен білім беру гранттары қарастырылған.