Bugin

"Есін білмейді": Ақтауда комадан шыққан ер адам туыстарын іздеп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ақтауда 10 қаңтарда ер адамды облыстық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lider.kz сайтына сілтеме жасап.

Еріктілер қозғалысының ақпараты бойынша, біраз уақыттан кейін ол комадан шыққан.

"Өкінішке қарай ер адам сөйлей алмайды. Есінде ештеңе жоқ" делінген хабарламада.

Еріктілер туыстары немесе бұл кісіні танитындарды іздейді. Нөмірлер бойынша хабарлассаңыз болады: 8 (700) 499-72-92; 8 (700) 911-72-92.