Bugin
Ақтөбеде жалған ұйым арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды деп хабарлайды Teznews.kz порталы.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Ақтөбеде ЖШС атынан жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі тіркелді.
“Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуі тиіс шығыны 164 млн теңгеден асты.Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеуде жоқ болып шыққан. Ал құжат бойынша басшысы Ю.В. Авдонин қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұрады және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті”, - делінген хабарламада.
Сот шешімімен ЖШС мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.