МӘДЕНИЕТ

Comedy Central Қазақстанда 1 наурыздан бастап іске қосылады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Paramount компаниясы Қазақстанда Comedy Central арнасы іске қосылатынын хабарлайды. 2023 жылдың наурыз айынан бастап қазақстандық көрермендер әлемдік ең керемет комедиялық бағдарламаларды тамашалай алады. Арнаға жергілікті кабельдік және телекоммуникациялық операторлар арқылы қосылуға болады.
Comedy Central — бұл MTV, Nickelodeon және аты аңызға айналған Paramount Pictures студиясы атты контентімен танымал, әлемнің жетекші медиакомпанияларының бірі Paramount-тың бір бөлігі болып табылатын жаһандық ойын-сауық бренді. Телеарна өз көрермендеріне күнделікті өмірді басқа жағынан көрсете отырып, күлкілі комедия әлеміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. 18 бен 49 жас аралығындағы көрермендерге арналған бренд 150-ден астам елдегі 300 миллионға жуық отбасыны қамтиды.
1991 жылы АҚШ-та қазіргі атаумен хабар тарата бастағаннан кейін, Comedy Central ең күлкілі жетекші әлемдік бренд ретінде танымал болды. Бұл арнада аты аңызға айналған «Южный парк» анимациялық телехикаясының, көптеген елдерде танымал The Daily Show күнделікті сатиралық шоуының премьерасы және Эми Шумер, Кевин Харт сияқты стендап-комедия жанрындағы жарқын таланттардың арнайы шығарылымдары өтті. 
Еуропа, Латын Америкасы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Австралия және Жаңа Зеландияда өзінің жаһандық аудиториясын кеңейте отырып, арна көптеген марапаттарға ие болған комедиялық шоулар, телехикаялар, анимация, сондай-ақ стенд-ап бағдарламаларын көрсетеді.
Украинадағы Comedy Central кітапханасына «Теория большого взрыва», «Южный парк» және «Друзья» хиттері кіреді. Телеарнаның эфирінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған жанкүйерлері бар «Рино 911», «Трудоголики», «Ки и Пил», «Мамаша» және «Аквафина - Нора из Куинса» ситкомдары, сондай-ақ эксклюзивті шоулар көрсетіледі. Мәселен, 20 наурызда арнада Бивис пен Баттхед туралы жаңа анимациялық телехикаяның премьерасы өтеді, онда бүкіл әлемге танымал екі кейіпкер өздерінің эпикалық әзілдерімен әлеуметтік желі дәуіріне оралады. 
Қазақстанда Paramount жаһандық брендтердің кең портфелін ұсынады: Nickelodeon, Nick Jr., Nicktoons, MTV Live HD, MTV 80s, MTV 90s, MTV 00s және Comedy Central. 2022 жылы Paramount компаниясы Nickelodeon HD жергілікті нұсқасын қазақ тілінде іске қосты. 2022 жылғы зерттеуге сәйкес, Nickelodeon арнасы елдегі балалар жиі көретін телеарналар арасында бірінші орында. 
«Біз Comedy Central арнасын Қазақстанға іске қосуға қуаныштымыз, себебі Қазақстанда біздің контентті миллиондаған көрермендер тамашалайды және жақсы көреді. Бұл —көрермендерге ең керемет комедиялық контентті жеткізуге және жаһандық брендтеріміздің Қазақстанда таралуын нығайтуға тағы бір қадам», - деді Петя Тончева, Paramount International Networks компаниясының ТМД және Балтық елдеріндегі контент және тұтыну өнімдерінің дистрибуциясы жөніндегі аға директоры.


***
Paramount Global компаниясы туралы
Paramount (NASDAQ: PARA; PARAA) - бүкіл әлем бойынша көрермендеріне премиум контент жасайтын, медиа, стримингтік хабар тарату және ойын-сауық саласындағы жетекші әлемдік компания. Paramount Global портфеліне CBS, Showtime Networks, Paramount Pictures, Nickelodeon, MTV, Comedy Central, Paramount+ және Pluto TV сияқты танымал брендтер кіреді. Компания саладағы ең ауқымды теле- және кинофильмдер кітапханаларының біріне ие. Инновациялық стримингтік және цифрлық өнімдерден басқа, Paramount контентті өндіру және тарату, сондай-ақ жарнама мүмкіндіктерін ұсынады.