Саясат

"Сөйлей алмай қалған": Желіде Болат Назарбаевтың тойда жүрген видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры – Болат Назарбаевтың әлдебір балақайдың тұсауын кесіп жатқаны жайлы видео тарады. Видеодан Болат Назарбаевтың көңіл көтеріп, билеп жүргенін байқауға болады. Бұл туралы Bugin.kz порталы halyquni.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылдың шілде айында Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты мәлімет тарады. Болат Назарбаевтың сөйлей алмайтыны және өзі қозғала алмай қалғаны белгілі болды. Дәрігерлер Болат Назарбаевтың жағдайы өте ауыр екенін және қант диабеті бар екенін айтқан.

2022 жылдың тамыз айында Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды.

Одан бөлек, «Алматы Стекло» ЖШС құрылтайшысы Әзім Абдуллаев Болат Назарбаевты «шыны зауытын рейдерлік жолмен басып алды» деп айыптап, экономикалық сотқа талап арыз бергеннен кейін ҚР тұңғыш президентінің інісі ар-намысы мен абыройын қорғау үшін N2 Әуезов аудандық сотына жүгінді.

2022 жылдың қазан айында Әуезов ауданының соты Болат Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талабын қанағаттандырып, ол өзіне жала жапқан кәсіпкерден жарты миллион теңге өндіріп алды.