Спорт

Головкин әлем чемпионы атағынан бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

40 жастағы қазақстандық боксшы Куба атынан қатысатын тұрақты чемпион Эрисланди Ларамен жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша промоутерлік сауда-саттыққа қатысудан бас тартуға шешім қабылдады.

Бұрын GGG IBF белбеуінен бас тартқан болатын, енді тек IBO атағы қалды.