Bugin

Қостанайда сәбидің ішегінен 13 магнит алынды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Екі жасар бала магнитті шарларды жұтып, олар ішегіне жабысып қалғандықтан ауруханаға түсті.

Екі жасар бала Қостанай облыстық балалар ауруханасына ішектеріне бөтен дененің түсуімен жатқызылды. Белгілі болғандай, бала бір-біріне жабысып қалған магниттік шарларды жұтып қойған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Балаға операция жасалып, ауруханадан шығарылды, бірақ дәрігерлер ата-аналарға ескерту үшін бұл істі жария етуді ұйғарған. Өйткені мұндай ойыншықтың ішекке енуі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

«Баланың бақытына орай, ол бір уақытта бірнеше бөтен денені жұтқандықтан асқазанда бір конгломератқа жабысып қалды. Егер ол әртүрлә уақытта жұтқанда бұл перитониттің одан әрі дамуына алып келіп, оның салдары әлдеқайда қиын болар еді », - деп түсіндірді Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің басшысы Анатолий Журжа.

Магниттердің сақинасы ащы ішектің аш ішекпен түйісетін жерінде тұрып қалады. Операция кезінде хирургтар бөгде денені тоқ ішекке апарып, соқыр ішек арқылы алып тастады. 

Бұған дейін дәл осындай оқиға Қарағандыда орын алып, баланың өміріне қауіп төнген еді. Тексеру кезінде құрсақ қуысы мүшелерінің рентгенографиясы асқазан-ішек жолдарында бөгде заттардың барын көрсетті. Баланың ішегінен 11 ұсақ магнит табылған. Олар өте танымал ойыншық саналатын конструктордың бөлігі болып шықты.