МӘДЕНИЕТ

Оскар-2023 жеңімпаздары белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Лос-Анжелестегі Dolby театрында америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтті. 2023 жылдың "Оскар" сыйлықтары табысталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Америка дауысына сілтеме жасап.

Жеңімпаздар:

Үздік актер - Брендан Фрейзер ("Кит").

Үздік актриса - Мишель Йео ("Барлығы барлық жерде және бірден").

Үздік фильм - "Барлығы барлық жерде және бірден".

Үздік анимациялық фильм – "Пиноккио" Гильермо дель Торо.

Үздік қосалқы актер - Ке Хюи Куан ("Барлығы барлық жерде және бірден")

Үздік қосалқы актриса - Джейми ли Кертис ("Барлығы барлық жерде және бірден")

Ең үздік қысқаметражды фильм "Ирланд тілінде қоштасу" болды.

Үздік операторлық жұмыс – "Батыс майданда өзгеріс жоқ" фильмі (Джеймс Френд).

Ең үздік грим мен шаш үлгісі – "Кит" фильмі.

Үздік костюмдер – "Қара Пантера: Ваканда мәңгіге" фильмі.

Шет тіліндегі үздік фильм –"Батыс майданда өзгеріс жоқ" (Германия).

Үздік қысқаметражды деректі фильм – "Пілдер сиқыршысы". Бұл ерлі-зайыптылар мен жетім піл арасындағы әсерлі, әкелік қарым-қатынасқа негізделген үнді-америкалық жоба.

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – "Бала, көртышқан, түлкі және жылқы".

Үздік деректі фильм – “Навальный”

Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – "Батыс майданда өзгеріс жоқ".

Үздік саундтрек – "Батыс майданда өзгеріс жоқ".

Үздік қоюшы-суретші жұмысы - "Батыс майданда өзгеріс жоқ".

Үздік визуалды эффектілер – "Аватар: Су жолы"

Үздік түпнұсқа сценарий - "Барлығы барлық жерде және бірден".

Үздік бейімделген сценарий – "Әйелдер сөйлеп тұр".

Үздік дыбыс- "Топ Ган: Мэверик".

Үздік ән - үндістандық RRR фильміндегі "Naatu Naatu" әні.

Үздік монтаж — "Барлығы барлық жерде және бірден"

Үздік режиссер - "Барлығы барлық жерде және бірден" фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт.