Саясат

Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін ол Президент Әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылған еді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Еске салайық, бұған дейін Әсет Исекешевтің Президент Әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылып, оның орнына Бақытжан Сағынтаевтың келгені хабарланған еді. Мұның алдында қордың атқарушы директоры қызметінде Қанат Жұмабаев болған еді. Ал Тұңғыш Президент Қорының директоры - Дариға Назарбаева.