Bugin

Қызылордада әйелін ұрып өлтірген ер адамға қандай жаза берілгені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қызылордада туған күнінде үш баланың анасы Ажар Шадиеваны өлтірген күйеуін Руслан Отарбаев 12 жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Мен жәбірленушінің мүддесін білдіретін Саид Сүлейменовтің адвокатымын, біз қатаң режимдегі өмір бойына жаза сұрадық - осы баптың санкциясы бойынша ең ұзақ мерзім", - деді жәбірленуші тараптың өкілі.

Қызылорда қаласының судьясы 29 жастағы Руслан Отарбаевты 12 жыл бас бостандығынан айырды. Ол қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтейді.

Сонымен қатар сот шешімі бойынша марқұм Ажар Шадиева мен сотталған жұбайының үш кішкентай баласына келіншектің анасы қамқорлық жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада 2022 жылдың қыркүйек айында туған күнінде үш баланың анасы Ажар Шадиеваны күйеуі аяусыз өлтірген еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz