Өнім

Қызылорда облысында бір жасар бала жазатайым оқиғадан көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қызылорда облысында есік алдындағы септикке құлаған бір жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне 26 наурызда сағат 12:55- те хабарлама түскен.

«Онда Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйде 2022 жылы дүниеге келген сәби септикке құлап, көз жұмғаны айтылған. Сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Оның мәйітін туыстары өз күшімен сыртқа шығарды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.