Өнім

Павлодарда із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Павлодар қаласында бір апта бұрын жоғалған егде жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Vita" іздестіру ұйымының мәліметінше, 19 наурызда 69 жастағы ер адам Шығыс өндірістің аймағында орналасқан кәсіпорыннан шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Үйіне бармады, ертесінде жұмысқа да келген жоқ. Павлодарлық еріктілер мен полицейлер зейнеткерді бірнеше күн іздеді, бірақ еш жерден таба алмады.

Белгісіз біреу туысына қоңырау шалғаннан кейін жоғалған ер адамның денесі табылды. Ол кісі зейнеткердің өзі ұстаған телефонды сатып алуға ұсыныс жасаған. Полиция қоңырау шалынған жерді анықтап, сатушыны ұстады.

Күні кеше жақын жерде жоғалған ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ер адамның қалай қайтыс болғаны анықталады, - дейді еріктілер.

Айта кетері, іздестіру шаралары кезінде Павлодарда тағы бір 32 жастағы ер адам жоғалды. 23 наурызда ол Малайсары көшесіндегі үйден шығып, хабар-ошарсыз кетті.

Дереккөз: Sputnik.kz