Экономика

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері көбейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жәрдемақы 8,5 пайызға көбейген. Ал жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 66,9 млрд теңгеге жәрдемақы алған. 

Мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.