Спорт

"Мұндай жеңіс кімге керек": Қуат Хамитов Қазақстан футболын сынады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Белгілі аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Қазақстан футбол құрамасының кешегі жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан футболының бірде-бір жеңісіне қуанбаймын. Несіне қуанасың, айналаға қараңызшы, халық деген 30 жыл бойы күнін әзер көруде, жұмыс жоқ, орташа табыс 80 мың ғана, азық-түлік қымбат, медицина жоқ, адамдар қарызға кіріп жүр. Соған қарамастан халықтың аузынан жырып, салық төлейді, ал осының бәрі қайда кетеді!? Футболға ма!? Мұндай жеңіс кімге керек, пайдасынан зияны көп болса! Халықтың ақшасын құртпай өз күшімен жеңгенде ғана футболды сыйлай бастаймын! Солай істей алатындарыңды дәлелдеңдер. Айтпақшы, осы уақытқа дейін далаға кеткен қанша ақшаны да қайтару керек!, - деп жазды "Найман" Instagram парақшасында.

Еске салайық, футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчінде Қазақстан өз алаңында Данияны 3:2 есебімен ұтқан еді.