Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Flickr
Атырауда жоғалып кеткен сәби аман-есен табылды. Оқыс оқиға 26 наурызда Балауса ықшамауданында болған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Ата-анасы төрт жасар баласынан белгісіз жағдайда көз жазып қалған. Шамамен сағат 11.00-де үй ауласынан шығып кеткен баланы Балауса, Еркінқала ықшамаудандары тұрғындары аяғынан тік тұрып іздеген. Сонымен қатар іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері де жұмылдырылған.
"Арада шамамен 5 сағаттай уақыт өткенде бала аман-есен табылды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бала дренажға құлап кетіп, жатып қалған" делінген ақпаратта.
Қазір бүлдіршін ата-анасының жанында. Жағдайы қалыпты.