Қоғам

Сәресін ішпей ораза ұстауға бола ма?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

"Жалпы сәресіге тұрмай ораза ұстауға бола ма?" деген сұраққа muslim.kz сайты жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Иә, сәресіге тұрмай-ақ ораза тұтуға болады. Алайда, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Бір жұтым су ішсеңдер де сәресін үзбеңдер. Өйткені Алла Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді", – деген өсиеті бар. Сонымен қатар сәресіге тұрып ас ішу немесе ең болмаса су ішу не құрма жеу күні бойы адамға қуат береді" делінген ақпаратта.

Нәтижесінде ораза ұстауда түрлі қиындықтардың алдын алуға септігін тигізетіні жазылған.