Білім және ғылым

Алматылық зияткерлер Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті. Байрақты бәсекеге зияткерлік мектептен 15 оқушы қатысты. Олимпида нәтижесі бойынша қатысқан 15 оқушы да жүлделі орындарға ие болды.

І орын – Ерсұлтан Пітебай – физика
Бекасыл Елубай – физика

ІІ орын – Альдинаш Сейтенов – математика
Ахмаджон Табаров – физика
Артур Николаенко – физика
Дамир Аленов – физика
Алдияр Мурзабеков – физика
Амир Нуриев – информатика
Олжас Мусалимов – информатика

ІІІ орын – Арсен Нәрік – математика
Әлімжан Тұрдалы – математика
Амира Кенбаева – математика
Эльдар Усенов – математика
Али Еркебұланұлы – математика
Дина Бекбан – биология

Айта кетейік, Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша NIS құрамасы қайтадан еліміздің ең үздік командасы атанды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша бесінші рет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрамасы еліміздің «Ең үздік олимпиадалық командасы» деп танылды.