Bugin

Қылмыстық істі электронды нысанда жүргізумен қылмыстық процестің үш буынды моделі – заман талабы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қылмыстық істер әрдайым қағаз жүзінде жүргізілген. Бұған дейін түрлі тергеу амалдары, тергеушінің, прокурордың және соттың шешімдері және  өзге де процестік құжаттар қағаз түрінде шығарылып, бекітіліпотырған.

Қылмыстық істердіңкүрделігі мен көп эпизодтылығына, сотталушылардың, жәбірленушілердің және куәгерлердің санына байланысты процестік құжаттардың көлемі ұлғайып, ол өз кезегінде  көлемді томдардың пайда болуына ықпал етеді, кейбір істердің саны 1000 томға дейін жетуі мүмкін.
Қазіргі таңда, сотқа дейінгі және сот өндірісіндегі тергеп-тексеру аса ауырланған, бұған көптеген қаржы, адам және уақыт ресуртары шығындалады.

Сондай-ақ, процес қатысушылардың қылмыстық істің процестік материалдарына уақытылы қол жеткізу мүмкіндігі пайда болды, аталған жағдай халықтың сотпен, құқық қорғау органдары арасындағы қарым-қатынастарды оңтайландыра түсті.  

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қылмыстық сот өндірісінің электрондық форматқа кезең-кезеңмен көшуі анықталған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қылмыстық істер 2021 жылдан бастап адам құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын негізгі процестік шешімдерді келісу міндеті прокурорға заңнамалық түрде жүктелді.

Қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдер мен іс-қимылдарды электронды енгізу және олардың заңдылығының сақталуын қадағалау бойынша пилоттық жоба іске қосылған болатын.
Аталған пилоттық жоба аясында бірқатар негізгі процестік шешімдер қадағалаушы прокурормен келісіледі, әрі қарай олар процестік мәртебеге ие болады немесе заңсыз ретінде жойылады.
«Электрондық қылмыстық істер» бізге қандай мүмкіндіктер берді:
-қылмыстық іс бұрмаланбайды және жоғалмайды;
-қажет емес қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік берді;
-электронды нысанға көшкен соң істер тез қаралатын болды.
Бағдарламада 100-ге жуық процестік құжаттардың үлгілері бар. Сот санкциясын электронды түрде алуға мүмкіндік туған.
-сараптау күшейді. Әрбір іс мұқият тексеріліп, еліміз бойынша бірыңғай тәжірибе құру мүмкіндігі пайда болды;
-жәбірленуші, айыпталушы, сондай-ақ қорғаушы кез-келген уақытта онлайн режимде істің қалай тергеліп жатқанын көре алады;
-электронды өтініштер модулі жұмыс жасайды. Егер тараптар тергеушінің іс-әркетіне шағымданса, прокурор оның әрекеттерін бірден онлайн түрде көруге мүмкіндігі бар.

Бағдарлама бөгде адамдардың, оның ішінде жүйе әкімшілерінің  қылмыстық істің материалдарына рұқсатсыз қол жеткізуден жоғары дәрежеде қорғалуда. 
Атап өткендей, қылмыстық істің материалдарына тек қана істі жүргізетін тергеуші және прокурор ғана қол жеткізе алады.

Ақпараттық технологиялардың және оның негізіндегі ақпараттандырудың жаһандық процесі, қазіргі әлемді өзгертеді және адамзат қоғамының постиндустриялық дамуынан ақпараттық кезеңге көшірудің бастамасы болып табылатынын атап өткен жөн.

Мемлекет басшысы  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында басымдық берген мәселелердің бірі – заңдылық пен әділеттілікті толық қамтамасыз ету. Жолдауда Президент адам құқығын қорғауға бірден-бір жауапты – полиция, прокуратура мен сот өкілеттіктерінің аражігін нақты ажыратып беретін үш буынды модель құруды тапсырған болатын.

ІІМ мен прокуратура органдары осы модель аясында айыптау ұстанымын азайтып, қылмыстық процеске заңсыз араласуды болдырмайтын қанатқақты жобаларын іске қосты.
Аталған модельдің ерекшелігі сол, прокурор адам құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын негізгі процестік шешімдердің барлығын келіседі. Атап айтқанда, күдікті деп тану, күдіктінің біліктілігін айқындау, бұлтарпау шарасын қолдану туралы қаулылардың барлығы ендігі таңда прокурормен келісіліп отыр. Прокурор тергеу барысында келісім беру арқылы шешім шығарады. Тершеуші айғақтарды, дәлелдерді тауып, анықтап, осының барлығын қылмыстық іс материалдарына тіркейді. Бұған дейін прокурормен келісімге дейін тергеуші мұндай шешімдердің барлығын өзі шығара беретін. Ал прокурордың тергеу барысында бұл шешімдерді қабылдауға қатысты қандай да бір келісім беруге, араласуға құқықғы болмаған.

Үш буынды модель – қылмыстық процестің өкілеттіктерін нақты бөле отырып, тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, әрбір кезеңде тиімді сүзгілер жасауға бағытталған.Бұл шындап келгенде тергеушілер үшін де, прокурорларға да қолайлы әрі тиісті қадам.

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес процестік шешімдер дер кезінде келісіліп, істің мән-жайы бірден анықталып отырады. Ең бастысы – біз ол арқылы ел  Президенті қойған тапсырма -  қылмыстық істер кезінде кететін қателіктерге жол бермеуге қол жеткіземіз.
Үш буынды модель іске қосылғаннан бері азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу деректерінің біршама төмендегегін атап өту керек.

Бұл – тергеу органдары мен прокуратураның өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатқанын аңғартады. Ал жаңа модельдің көздегені– адам құқығын бұзбау болып табылады.
Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасы Комитетінің Әскери басқармасымен  әскери аймақтың ерекшелігі ескеріле отырып,  «Әскери ахуалдық-талдау орталығы» Жобасы әзірленіп, іске қосылды.
Аталған Жоба әскерлер мен әскери құрылымдарда құқық бұзушылықтар мен оқиғалардың алдын-алуға,  есепке алу рәсімін автоматтандыруға, әскерлер мен әскери құрылымдардағы ахуал туралы қорытындыны  жедел және автоматтандырылған түрде қалыптастыруға, прокурорлық қадағалаудың ұтқырлығына, мүдделі мемлекеттік органдарды  өзектендіруге және жедел хабардар етуге бағытталған.

ҚР Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі КомитетініңӘскери басқармасының 
қылмыстықсалада құқықтық ақпаратты 
қалыптастыру бөлімінің бастығы
әділет кеңесшісі  Е.Б. Мұсабеков