Bugin

Доллар арзандады: 29 наурызға арналған валюта бағамы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ұлттық банк 29 наурызға арналған рубль мен доллардың теңгеге қатысты ресми бағамын бекітті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

АҚШ доллары 3,63 теңгеге арзандап, 455 теңге болды.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8:00-дегі жағдай бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 451 теңгеден сатып алынып, 455,5 теңгеден сатылып жатыр.

Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 450 теңгеден сатып алынып, 454 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 455 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 492,13 (еуро)
  • RUB / KZT – 5,94 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 23,81 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 66,11 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,2 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 4 (өзбек сомы).